Педагогтар білімін арттырып отыруы тиіс

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Парламенті мәжілісімен отырысы республикалық арналардан таратылған болатын.  "Хабар 24" телеарнасы арқылы көрсетілген тікелей эфир Панфилов орта мектебінің  мектеп ұжымымен  бірге тыңдалды.

Мәжіліс отырысында еліміздің түйткілді мәселелері көтеріліп,   «Жаңа Қазақстанды» дамытуға бағытталған шешімдерді өз Отанының азаматы ретінде зор қуанышпен қабылдадық.
Әр жолдауында білім саласын, ұстаздар мәртебесін назардан тыс қалдырмайтын мемлекет басшысы бұл жолы да аталған тақырыптан айналып өтпеді. Мектептерді қаншалықты соңғы технологиямен жасақтап, көшке лайықтаса да, ондағы сапалылықты жоғары білімді педагогтарсыз елестету қиын. Мұғалім – мектептің жүрегі болса, маман тапшылығын реттеп,  ұстаздардың өзге аймақтағы әріптестерімен тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасауды, білімін үздіксіз жетілдіріп отыруы сынды тапсырма берген болатын. Бұл, әрине, бала жанының бағбандары үшін қайталанбас мүмкіндік, машығын арттыруға мемлекеттен жасақталған тегін жеңілдік іспетті.

tydaldy-zholdau

Еліміздегі соңғы оқиғалардың себебінен, мектептер қайтадан шәкіртсіз қаңырап қалды. Ұстаз бен оқушының арасындағы көпір енді үзілмейді деген үлкен үміттеміз.   Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жариялаған тың шешімдері - оң өзгеріспен тез арада жемісін береді деген сенімдеміз.

Нұртілек Батуов,
Панфилов орта мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521