«Педагогикалық сынып» жобасы іске қосылды

(4 Votes)

«Елдің ертеңі – өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтар тәрбиелеу үшін бүгінгі ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әр педагогтың алдында үлкен жауапкершілікті жүктейді», - деп тұңғыш Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай, елдің ертеңдерін тәрбиелеу үшін әуелі жан – жақты, білімді де білікті педагог дайындау және жас мамандарымыздың туған мектебіне оралып, өз туған жерін көркейтуге, болашақ тұлға қалыптастыруға атсалысу, педагог мамандығына құрметке баулу бүгінгі күннің талабы.

Бүгінгі күні педагог мамандығы қоғамда  үлкен мәртебеге ие, елімізде педагогтер шоқтығы биік, ерекше маңызға ие мамандық боп табылады. Осы талаптарға сай  жергілікті жерде кадр жетіспеушілігінің алдын алуда білім алушыларды педагог мамандығына тарту, біліммен, іскерлікпен және дағдымен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, олардың болашақ педагогтық тұлғасының қалыптасуы мен дамуы жолында кәсіби әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Құрманғазы аудандық білім бөлімінде аудандық білім бөлімінің «Педагогикалық сынып» жобасы іске қосылды. Жоба модераторы боп аудандық білім бөлімінің әдіскері Жуманова Ғалия Сайхолқызы бекітілді. «Педагогикалық сынып» жобасына кадр жетіспеушілігі жөнінен адыңғы орында тұрған алғашқы 5 мектеп - Ш. Уәлиханов, Ф. Оңғарсынова, М. Ломоносов, Ю. Гагарин атындағы, Балқұдық жалпы орта мектептері тартылды.

Педагогикалық сынып жұмысын жүзеге асыру мақсатында 2021 жылдың 20 сәуірінде нақтыланған мектеп ұжымдарымен бірлескен бағытта онлайн форматта старт берілді. Бұл жоба «Үштік одақ» шеңберін, тарқатып айтсақ, 8-11 сынып оқушыларын, олардың ата – аналарын, мектеп ұжымын қамтиды. Жоба жүзеге асатын уақыт 2021 жылдың сәуір айы мен 2022 жылдың мамыр айы аралығы деп жоспарланып отыр. Жоба жоспарына сәйкес аталған мектептерде мектеп директорларының бұйрығымен «Педагогикалық сыныптар» ашылып,  жетекшілер тағайындалды, педагог – психологтар тарапынан 8 – 11 сынып білім алушыларына сауалнамалар жүргізілді. Сауалнама қорытындысымен Балқұдық жалпы орта мектебінде  – 17, Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінде - 6, Ф. Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде - 5, М. Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінде - 12, Ю. Гагарин атындағы жалпы орта мектебінде – 9 білім алушы, барлығы – 49 білім алушы «Педагогикалық сыныпқа» қабылданды. «Педагогикалық сыныпқа» қабылданған білім алушылардың ата-аналарына мектеп әкімшіліктері тарапынан онлайн форматта түрлі түсінік жұмыстары жүргізілді. Жобаның іске қосылуы жөнінде аудандық білім бөлімі және аталған мектептер әлеуметтік желі парақшасы беттеріне жариялады. Ю. Гагарин атындағы жалпы орта мектебі әкімшілігі жоспарға сәйкесті жобаның  алғашқы іс - шарасын 2021 жылдың 29 сәуірі күні онлайн форматта ұйымдастырды. Алдағы уақытта жоспарға бойынша іс – шаралар аудандық білім бөлімінің қолдауымен өз уақытында жүргізіліп отырады.

Ғ. Сайхолқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521