Облыстық Білім басқармасының әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен И.Панфилов атындағы орта мектепте «Педагогикалық идеялар калейдоскопы» атты шеберхана өткізілді.
Оған Индер, Исатай, Махамбет, Қызылқоға, Құрманғазы аудандарының ШЖМ педагогтері мен аудандық білім бөлімінің әдіскерлері қатысты. Шағын жинақты мектептердің білім сапасын арттыруға бағытталған жиында педагогтар өз шеберлік сағаттарын көрсетіп, практикалық бөлімінде сабақты талдау жұмыстарын жүргізді.
Кейін аудан оқушылары арасында TEDx конференция, психологиялық алаң ұйымдастырылды. Әдістемелік орталық әдіскерлері Айгүл Ахметова, Бақытгүл Жанғазиева, Эльдар Ислямов облыс мұғалімдеріне кері байланыста тиімді педагогикалық коучинг пен психологиялық тренинг өткізіп, әдістемелік көмекті практика жүзінде көрсетті.
Сонымен қатар, мектебіміз облыстық Білім беру басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.