Партияның саяси бюро отырысы өтті

(0 Votes)

Аудан әкімі Марат Мурзиевтің төрағалығымен "Nur Otan" партиясының аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросы мәжілісі өтті.

Оған 7 бюро мүшелерінің барлығы қатынасты. Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының ХХХVI есеп беру-сайлау конференциясын шақыру және сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша аумақтық қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын бекіту туралы мәселелер қаралды. Отырыста партия филиалдары сайланбалы органдарының (саяси кеңесінің, саяси кеңесі бюросының) және бастауыш партия ұйымдары бюроларының, төрағаларының, төраға орынбасарларының өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты, биыл есеп беру-сайлау науқанын өткізу қажеттігі сөз болды. «Елбасы: «Мәжілістегі партия Фракциясымен кездесуде біздің негізгі міндетіміз – барлық сайлауалды уәделерімізді орындау және сайлаушылардың сенімін ақтау» деп атап өтті. Осыған орай, партия Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүйелі мониторингті ұйымдастыру үшін республика бойынша 217 «Жол картасы» бекітілді және 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылып, партиялық кураторлық институты таратылды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында партияның қоғамдық кеңестерінің жұмысы жүйелі түрде қайта құрылымданды. Ауданымыздың Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасы» әзірленіп, әрбір бағыт бойынша нысаналы индикаторлар мен мерзімдер қойылып, жауапты орындаушылар белгіленді»,-деді Марат Мурзиев.

Мәжілісте «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ХХХІІІ есеп беру-сайлау конференциясын ағымдағы жылдың 28 сәуір күніне шақыру және оған аудандағы 69 партия мүшесінен 1 (бір) делегат өкілеттік мөлшерін белгілеу ұсынылып, бірауыздан қолдау тапты. Партияның Орталық аппараты өңірлерде құрылатын қоғамдық кеңестер бойынша жүргізген талдауына сәйкес анықталған міндеттер ескеріліп, аумақтық деңгейде 9 кеңес құру туралы шешім қабылданған. Осы орайда аудандық партия филиалының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев Қоғамдық кеңестердің төрағалары мен мүшелерін таныстырып, әрқайсысының қоғамдағы белсенділігін ерекше атап өтті.

Қаулыға сәйкес «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасының» орындалысын бақылау аумақтық қоғамдық төрағаларына жүктелді. Сондай-ақ аудан әкімі елдегі эпидемиологиялық жағдайға орай іс-шараларды өткізу форматын жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісуді тапсырды.

 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521