Партиялық бақылауды күшейте түсу керек

(1 Vote)

«AMANAT»  партиясы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысын, оның төрағасы Есболат Құбашев жүргізіп, күн тәртібінде бір мәселе – 2025 жылға арналған жоспар талқыланатынын қаперге берді. Осыған орай комиссия мүшелерінен енгізетін ұсыныс-пікірлері болса ортаға салуларын сұрап, облыста бекітіліп кеткеннен кейін ештеңе өзгермейтінін жеткізді. 

Жоспардың кейбір бөліктері қызу талқыға түсті. Комиссия мүшелері  Ерлан Хисметуллин, Сандуғаш Қапуова, Әнуарбек Сәбитов, Қанат Ғұмаров, Есболат Құбашев, Мереке Құмаров, Ақынжан Хұсайынов  өз ұстанымдарын білдірді. Сайып келгенде бәрі де партиялық бақылау комиссиясының жұмысын күшейте түсу, жаңаша серпін беруге тірелді. Талқылау барысында аудан көлеміндегі білім ұяларында, кейбір нысандарда  орын алған кемшіліктер де айтылып, оларды аяқсыз қалдырмай бақылауда ұстау, соған сәйкес белгіленген мерзімде  тиісті лауазым иелерін тыңдау жоспарға енгізілетін болды.

Қанат Зарлыханұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT