Партиялық фракция мүшелерімен кездесті

(0 Votes)

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев аудандық мәслихаттың «Nur Otan» партиясы партиялық фракциясымен кездесті.

Қайрат Талапұлы депутат болып қызметін бастағалы отырған партия мүшелеріне Жаңа жылмен құттықтап, сайлауалды халықпен кездесулерінде белсенділік танытқаны үшін ризашылығын білдіріп:

– Үлкен саяси науқан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауын үлкен ұйымшылдықпен өткізіп жатырмыз. Құрманғазы аудандық мәслихатына 13 мандат болса, соның 11-і сайлау қорытындысымен «Nur Otan» партиясына тиіп отыр. Ертең сессияға ұсынамыз. Биылғы сайлаудың ерекшелігі басқа да партиялардың жеңіске жетуі. Аудандық мәслихатқа да «Ақ жол», «Ауыл» партияларынан бір депутаттан енеді. Бұған дейін бізде мұндай болып көрген жоқ. Халық өз таңдауын жасады. Алдағы жұмыстарыңызда сәттілік, жемісті еңбек тілеймін, - деп күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.

Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев сайлаудың өту барысынан аудан басшысын хабардар етті. Хабарламашы аудан тұрғындарының ел келешегі шешілер сәтте сырт қалмай белсенділік танытқанына тоқталды. Сайлауалды штабтың жұмысына сын-ескертпелердің айтылмағаны үлкен жетістік екенін атап өтті. Сонымен қатар, кандидаттар халықпен кездесуде үлкен тәжірибе жинап, болашақта атқарылатын жұмыстарына сабақ алғанын жеткізді. Келесі кезекте партияішілік ұйымдастыру мәселелері ортаға салынып, фракция мүшелері тарапынан қолдау тапты.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521