«Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалы жыл басында Саяси Кеңесінің, оның Бюросының бекіткен іс жоспарына сәйкесті жұмыстарды атқарып келеді.
Сондай-ақ, тұрғындар жиынында айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалысына партиялық мониторинг жасап бақылап отырады. Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар өтініштерінің мерзімінде қаралуы мен оң шешілуіне ықпал етуді басты назарда ұстайды. Бұл бағытта атқарлыған жұмыстар жайында аудандық филиалдың сектор меңгерушісі Ақынжан Құсайынов төмендегі мәліметтерді назарға ұсынды.
2020 жылдың 11 ай қортындысы бойынша 194 өтініш түсіп, 105 оң шешіліп, 89 түсінік берілді. Қоғамдық қабылдауды жасалған кесте бойынша «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары мен аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары мен құқық қорғау органдарының басшылары өткізді. Бұдан басқа, аудан бойынша бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, ауыл әкімдері, аудандық мәслихат депуттаттары өздерінің сайланған ауылдық округтерінде және филиалдың партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясы төрағаларының жеке қабылдауларында азаматтарды жеке шаруаларымен қабылданды. Құрманғазы аудандық филиалының Конференциясы, Саяси Кеңесі, Саяси Кеңес Бюросы, фракция мүшелерінің отырыстары жоспарға сәйкес әр тоқсан сайын өткізіліп отырады.
«Nur Otan» партиясынан сайланған депутаттар халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстарға өз үлестерін қосып, белсенді іс атқару үстінде. Есептік жыл ішінде фракцияның жоспарлы 2 отырысы өтіп, партияның Сайлауалды бағдарламасы, фракция мүшелерінің есептері тыңдалып отырылды. Фракция мүшелері 2019-2020 жж. сайлау округтеріне барып 22 көшпелі қабылдаулар өткізді, оған барлық округтерде 1500 адам қатынасты. Өтініштер талап дәрежесінде шешіліп, заңдылықтар шеңберінде азаматтарға жауаптар мен кеңестер беріледі. 2019-2020 жылдың қыркүйек айына дейін 23 өтініш түсіп, оның 15 оң шешімін тапты. Партиялық бақылау рейдтері ұйымдастырылып, Бірлік, Шортанбай, Сафон елді мекендеріндегі ауыл ішілік жолдары, «Құрманғазы-Утера» тас жолы, «Атырау-Астрахань» жол құрылысы, түп тереңдету жұмыстарының жүру барысы тексерілді. Азғыр өңіріне кең жолақтық интернет жылдамдығын арттыруға, Балқұдық жалпы орта мектебінде асхана құрылысын жобалауға және аудан орталығындағы Бұзаусылан жаяу мост құрылысын салуға ұсыныстар қабылданды.
«Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының іске асырылуының 7 бағыты яғни, «Білім», «Денсаулық», «Мемлекеттік қызмет көрсету», «Аграрлық сектор», «Жұмыспен қамту және халықтың әлсіз топтарын қолдау», «Индустриалды даму», «Жоғары технологиялардың дамуы» бағыттары бойынша партиялық комиссиялар ауқымды жұмыстарды кеңінен жүргізді. «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы мүшелері бекітілген кестеге сай «Депутаттың қабылдау күні» аясында қоғамдық қабылдаулар жүргізіп келеді. Депутаттық фракция мүшелерінің сайлауалды бағдарламаларындағы уәделерінің орындалысын аудандық партия филиалы бақылауға алып, сараптама жүргізіп отырды.
Аудандық филиал жанында Партия жарғысына сәйкес, партиялық бақылау комиссиясы жұмыс атқарып келеді. Есепті мерзім ішінде 8 округ әкімі, 7 дербес бөлім және 5 мемлекеттік мекеме басшыларының түрлі мемлекеттік бағдарлама аясында атқарып жатырған жұмыстары тыңдалып, тиіст шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, кейбір мекемелерден келіп түскен еңбек дауына байланысты арыз-шағымдар негізінде, жұмыс берушімен жұмыс алушының арасындағы заңсыздықтардың алдын-алу мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізіліп, оң шешім табуына ықпал жасалды. Бір қатар әлеуметтік салаларда басталып, жүріп жатырған күрделі жөндеу, жаңа құрылыстардың басында болып, жұмыстарымен танысып, жұмыстың сапалы әрі уақытылы жүруіне мониторинг жүргізілді.
А.НӘЖІМОВ
«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Құрманғазы ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.