Бүгін 26-ші қазан Қазақстан Республикасы күніне орай «AMANAT» партиясы Құрманғазы аудандық филиалында партияның белсенділері марапатталды.
Осы уақытқа дейін 10 жылға жуық «AMANAT» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы қызметін атқарып, филиалдың атқарған саяси-қоғамдық жұмыстарына белсене араласқан әріптесіміз Кенжебаев Бержан Ахонұлы «AMANAT» партиясының «Белсенді қызмет үшін» медалімен марапатталды.
Сонымен қатар, М. Ауэзов жалпы орта мектебінің директоры, партияның белсендісі Кубашева Гаухар Мажитқызы және Нұржау жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Куспанова Каламкас Қайырболатқызы Атырау облыстық филиалының төрағасы А.Х. Идресовтың «Алғыс хатымен» марапатталды.