Партия белсенділері ұлығыланды

(0 Votes)

«AMANAT» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Республика күніне орай салтанатты шара өтті.

Алдымен Республика күніне, АЭС нәтижесіне арналған бейнероликтер көрсетілді. Партияның аудандық филиалының төрағасы Ерлан Хисметуллин Президентіміздің Жолдауында 6 қазан күні АЭС салу жөнінде жалпыұлттық референдум өткізу белгіленгеніне тоқталып:

– «AMANAT» партиясы бастамасымен атом электр стансасын салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб құрылды. Оның құрамына 4 саяси партияның өкілдері, мәслихат депутаттары, ардагерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен белсенділер, жастар кірді. Халықтық штабпен 100-ден астам үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, оған 2,5 мың адам қамтылды. 19 ауылдық округтерде жүздің үстінде кездесу өткізіліп, оған 1 мыңнан астам адам қатысты. 5 мыңнан астам үгіт-насихаттың баспа материалдары таратылды. Әлеуметтік желілерге 1,5 мыңның үстінде материалдар шығарылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудан бойынша 25711 адам сайлауға қатысып, 74,80 пайызды құрады. Оның 17 941-і, яғни, 70% -ы АЭС салуды жақтап дауыс берді. Осыған орай халықтық штабтың барлық мүшелеріне, референдумға қатысқан байқаушыларға өз атымнан алғысымды білдіремін,– деп, мерекемен құттықтады.

Референдумда белсенділік танытқан партия мүшелерін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, Республикалық халықтық штабтың төрағасы Ерлан Қошановтың, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің Алғыс хаттарымен, аталған партияның «Белсенді қызметі» үшін төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен, аудандық филиалдың Алғыс хатымен марапаттады.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521