Партияға сенім білдірді

(1 Vote)

«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа кандидат  Мереке Құмаров, аудандық мәслихаттың депутаттығынан үміткерлер Теңел Исмағұлов, Арайлым Қаржауова, Қанат Ғұмаров Ақкөл ауылдық округінде болып, сайлаушылармен кездесті.

kandidattar3

Кездесуді аудандық мәслихат депутаттығынан үміткер Теңел Исмағұлов ашып, қатысушыларды таныстырып, келген мақсаттарын айтып, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Аудандық мәслихаттың депутаттығынан үміткер Арайлым Қаржауова партияның Құрманғазы ауданы бойынша бағдарламасына кеңірек тоқталып, оның басты бағыттарынан құлағдар етті. Қалған екі қатысушы, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттығынан үміткерлер Мереке Құмаров пен Қанат Ғұмаров та партияның сайлауалды бағдарламасы халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталғанын, алға қойылып отырған межелердің ел үшін берер игілігі мол екенін баяндап, «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, жарқын болашағымыз үшін таңдау жасаңыздар деген ізгі ниеттерін жеткізді.

kandidattar1

Кездесуге қатысушылар тарапынан Ақкөл орта мектебінің мұғалімі Аяужан Шайхашова:

– «Nur Otan» партиясы тарапынан ауданда білім саласы бойынша қандай жұмыстар жасалғалы жатыр? Осы жайлы айтып өтсеңіздер? – деген сауал берді.

kandidattar2

Өз жауабында аудандық мәслихаттың депутаттығынан үміткер Арайлым Қаржауова:

– COVID-19 індеті білімге деген көзқарасты өзгертті. 2020 жылы коронавирус таралуына байланысты аудандағы жалпы білім беретін 33 мектеп қашықтан оқыту форматына көшті. Сондықтан, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және білім сапасын арттыруға баса назар аударылуда. Аудандық партия филиалы 2020-2021 оқу жылдарында 1390 компьютер, 700 планшет, ноутбукпен қамтамасыз етуге, 2025 жылға дейін 14 жаңа және 4 қосымша білім беру нысандарының құрылысын салуға және 1 нысанды күрделі жөндеуден өткізуге, шебер, зерттеуші және сарапшы санаты бар мұғалімдер үлесін 55,1 пайызға арттыруға, білім беру ұйымдарында ІТ-инфрақұрылымды, цифрлық білім беру ресурстарын, ашық онлайн курстардың желілері мен платформаларын дамытуға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру жұмыстары аясында 2025 жылға дейін 6 ІТ және 9 STEM кабинеттерін сатып алуға ықпал етуді жоспарлап отыр. 2024-2025 жылдары бала саны көп болғандықтан Ақкөл ауылында да 600 орындық мектеп салынады, оның жері алынып қойылды, - деді.

Ақкөл ауылының мәдениет үйінің директоры Самат Қапизов:

– Осында қатысып отырған үміткерлерді жақсы танимыз, бәріңізге де сәттілік тілейміз.  «Nur Otan» партиясына дауыс береміз. Менің айтайын дегенім мәдениет қызметкерлеріне төленетін коммуналдық  жәрдемақы сонда жұмыс жасайтын техникалық қызметкерлерге де тиесілі болса екен. Партия халық сенімінен шығып жүр, алдағы жылдарда осы мәселені де оңынан шешуге ықпалын тигізсе жақсы болар еді, - деген ұсынысын ортаға салды.

Кездесу барысында Ақкөл орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, жас ұстаз Айгерім Бейімбетқызы індет кезінде партия тарапынан қандай көмектер ұйымдастырылғанын білгісі келді. Оған облыстық мәслихат депутаттығынан  үміткер Мереке Құмаров жауап беріп:

– Құрманғазы ауданы бойынша 7 санатқа жататын  отбасылар тізімі жасақталды. Алғашқы күндері ауданда 53 отбасы азық-түлік тағамдары және жеке бас гигиеналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.  Сондай-ақ, «Biz birgemiz» республикалық акциясына ауданымыздағы кәсіпкерлер, еріктілер  мен мекеме қызметкерлері өз үлестерін қосты. Қосымша ауданымыздағы партиялас кәсіпкерлер, жастар қайырымдылық шараға қатысып қосымша 95 адамға көмек ұсынды. Аудан бойынша 19 округтегі барлық елді мекендердегі мұқтаж отбасыларды қамту жұмыстары ұйымдастырылып, 587 отбасыға орташа есеппен 17 000 мың теңгенің азық-түлік  себеттері жеткізілді. Бұған 11 млн 867 мың теңге жұмсалды. Атырау облыстық мәслихатының депутаттары Сабыржан Сұлтанов, Оразғали Қаршегенов аудан орталығынан  үш жүз шақырымның үстінде шалғайда жатқан Азғыр өңіріндегі Асан, Сүйіндік, Азғыр ауылдық округтеріндегі 50 аз қамтылған отбасына аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен екі үлкен көлікпен 1 800 000 теңге көлемінде демеушілігік жасады. «Biz birgemiz» республикалық акциясына үн қосқан Құрманғазы ауылының бір топ кәсіпкерлері Ұлыбек Өтегенов, Біржан Кенжебаев, Ақылбек Қайсағалиев, Ақылбек Қуаншалиев, Дәурен Марданов, Талғат Жұмалиев, Роман Рахимов, Сайфолла Мұқанов, Бекес Сәрсенғалиев, Бақтылы Махмудова, Гаухар Болатбаева, Раушан Тілепбергенова, Сандуғаш Жармұхамбетова, Роза Мақаева, Гүлфарида Қажыбаева, Айнагүл Ниғыметова әлеуметтік көмекті қажет ететін 100 отбасыға тегін азық-түлік таратты, - деп сөзін басқа да осы бағытта  жүзеге асқан жұмыстармен түйіндеп, кездесуге қатысушыларды алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

kandidattar-4

Қанат ҒҰМАРОВ

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Құрманғазы ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT