«Парасатты отбасы» байқауы

(0 Votes)

Б.Бегәлиев атындағы мектепте аудандық білім бөлімі ұйымдастыруымен "Парасатты отбасы" байқауы өтті.

Б.Бегәлиев атындағы жалпы орта мектепте аудандық білім бөлімі «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып «Парасатты отбасы» байқауын өткізді. Өйткені, бүгінде ел өркендеуінің өтпелі кезеңінде көрініс беріп отырған кей келеңсіз жағдайлар тұсында рухани – адамгершілік тәрбиенің ерекше маңызға ие екені айқын аңғарылуда.Осыған орай, байқаудың мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту.

img_7595

img_7593

img_7590

Шараны ашқан аудандық білім бөлімінің әдіскері Айжамал Арыстанова сайыстың негізгі шарты мен ережесін, үміткерлерге лайықты баға берер қазылар алқасының құрамын таныстырды. Байқауға қоғамдық жұмыстарда белсенді, креативті, жаңашыл, қайырымды әрекетімен көзге түскен 9 отбасы қатысуға ниет білдірді. Алдымен «Отбасымның тарихы» деген тақырыпта әр жанұяның өз ата-бабалары туралы әзірлеген зерттеу жұмыстары назарға ұсынылды. Сонымен қатар, сайыскерлердің еңбектегі, оқудағы жетістіктері, отбасылардың әдет-ғұрып, жөн-жоралғыларға қаншалықты мән беріп, бос уақыттарын қалай өткізетіндігі жайында егжей-тегжейлі баяндалған бейнероликтер тамашаланды.

img_7588

img_7587

img_7584

Қорытынды бөлімде қазылар алқасының мүшесі, аудандық ата-аналар кеңесініңтөрайымы Ұлмекен Сапарова биылдан бастап алғаш қолға алынған байқаудың маңыздылығына тоқталып, тақырыптың мақсаты мен міндетін толық аша білген үздік отбасыларды айрықша атап өтті. Жүлделі ІІІ орынды Ерғалиевтер (Манаев о/м), Қадыровтар (Алтынсарин о/м), Гумаровтар (Нұржау о/м), Турчеевтар (Ақкөл о/м) отбасы қанағат тұтса, ІІ орыннан Мұратовтар (Энгельс о/м), Ізжановтар (Ломоносов о/м), Жүгінісовтер (Әуезов о/м) отбасы көрінді. І орынды Дәреловтер (Абай о/м) отбасы иемденді. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге Оралбековтер (Бегәлиев о/м) отбасы лайық деп танылып, олар байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. Үміткерлердің барлығы әр түрлі номинациялармен ұлығыланды.

i

img_7586

img_7581

А.Нәжімов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521