АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНДА «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – БАЯНДЫ БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫС ӨТКІЗІЛДІ.
Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті, жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол – заман ағысымен бірге өсіп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Бұл Заң сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп- қатерден ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етеді. Осыған қатысты түрлі құқық бұзушылықтың алдын алып, анықтау арқылы жолын кесіп, кінәлілерді жауапқа тартады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді. Заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Р.ҚАБИЕВА,
аудандық Қазынашылық басқарма басшысының орынбасары