Панфилов мектебінде аналар кабинеті ашылды

(0 Votes)

Жамбыл елді мекеніндегі Панфилов атындағы жалпы орта мектепте аудан бойынша алғаш рет аналар кабинетінің ашылу рәсімі өтті.

Мектеп фойесінде қолөнер бұйымдарынан көрме, ұлттық тағамдардан жәрмеңке ұйымдастырылды. Мектеп директоры Линда Өмірзақова қонақтарға қош келдіңін айтып, шараның мәні мен мақсатына тоқталып, жүру барысымен таныстырды. Кабинеттің салтанатты лента қию рәсімі аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенқызы мен ардагер ұстаз Рыздық Шатеноваға ұсынылды. Аналарға арналған жеке бөлменің ашылуымен мерейлі сәтте Нұржау ауылдық округінің әкімі Мұрабек Мұғалім мен кеңес төрайымы Балғаным Хасенова құттықтап, алдағы уақытта мұнда игілікті істердің жүзеге асатынына сенім білдіріп, өз тараптарынан үнемі қолдауға әзір екендіктерін жеткізді. Ұлттық болмысымызбен құндылығымыз көрініс тапқан қазақи нақыштармен көмкерілген кабинетте аналардың түрлі бағыттағы жұмыстарды жүргізулеріне бар жағдай жасалған. 

Одан әрі «Қажырлы қазақ аналары – тәуелсіздік тірегі» атты рухани-тағылымды шара жалғасын тапты. Мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, тақырыпқа орай келген қонақтармен де сыр-сұхабт ұйымдастырылды.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT