Палуандарымыз ашық аспан астында кросс жаттығуын жасады

(0 Votes)

Нұржау ауылының жас дзюдошылары ашық ауада, табиғат аясында кросс жаттығуын жасады. Жаттығу барысы тек спорттық дайындықты ғана емес, командалық рухты, бірлікті нығайтуға да септігін тигізеді. Сонымен қатар, таза ауада өтетін мұндай жаттығулар балалардың денсаулығын жақсартуға, төзімділігін арттыруға және табиғатпен үндестік табуға бағытталған. 

Жас палуандарымызды жарысқа  дайындауда  жаттықтырушы Асұлан Ахтамғалиевтің еңбегі  зор. Оның бастамасымен жүзеге асқан бұл жаттығу – ауыл спортының дамуының нақты айғағы. Нұржаулық палуандар осылайша тек залда ғана емес, далада да шынығып, болашақ жарыстарға мықты дайындық жасап келеді. Әлем олимпиада чемпиондары шығуды нәсіп етсін!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT