Пайдаланылмаған демалысқа резерв сомасы есептелуі тиіс

(0 Votes)

Қызметкердің пайдаланылмаған демалысына резерв сомасы есептелуі қажет.

Алайда, кейбір мемлекеттік мекемелерде бұған мән берілмейтін болып шықты. Жуырда Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті аудиторлық іс-шара барысында Құрманғазы аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемеден осындай кемшіліктің бетін ашты.

Қазына қаражаты жұмсалған кезде «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге жол берілмеуі керек. Әсіресе, табиғаттың бір бөлшегі саналатын жануарлар дүниесін қорғау мақсатына бөлінген қаржының дер кезінде есебі жасалып отыруы тиіс. Алайда, аталған аудандық мекеменіңжалпы сомасы 132 566,6 мың теңге болатын қаржылық есептілігне тексеріс жүргізу барысында мынадай кемшіліктерді анықтап отыр. Яғни, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібі бойынша барлығы 4 290,4 мың теңгенің заң бұзушылықтары белгілі болды. Оның ішінде 1 422,2 мың теңге қаржылық бұзушылық болса, 2 868,2 мың теңге рәсімдік сипатта орын алған.

Нақтырақ айтсақ, мемлекет активтерінің дұрыс есебін қамтамасыз етпеу, дебиторлық және кредиторлық берешектерді жасыру, бюджеттік қаражатты тиімсіз пайдалану, бухгалтерлік тәртіпті бұзу, пайдаланылмаған демалыс бойынша қызметкерлерге резерв сомасын есептемеу фактілері белгілі болды. Мекемеде жүктелген функционалдық міндеттерді толық орындамау жағдайлары да бар болып шықты.

Жалпы, аудиторлық іс-шара биыл қаңтар айында басталып, сәуірде аяқталған болатын. Аудиторлар бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды бақылай отырып, қателіктерді дер кезінде жоюға көмектесті.

Қорытындысында, жалпы сомасы 4 290,4 мың теңгенің қаржылық және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтары қайта қалпына келтірілді.

Рүстем ТҮСІПБЕРГЕН,

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT