Қазіргі заманда өмірге қауіп төндіретін жағдайға тап болу өте жиі кездеседі.
Балаларымызды далаға ойнауға жібергенде, қонаққа жіберегенде не болмаса үйде өздерін қалдырғанда оларға еш жамандық болмайды және олардың өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ деп үміттенеміз. Өкінішке орай статистикада балалардың қателігінен болатын өрттер, балалар өлімі орын алып жатқан жағдайлар жиі болып жатқанын көрсетуде. Балаларға өрт қауіпсіздігі жайында не білу қажет? Қай жастан бастап балаларды жану жағдайы кезінде өзін ұстау ережелеріне үйрету керек? Осындай сұрақтардың жауабы әрине біреу: балалық шақтан бастап балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйрету керек, яғни өз іс-әрекеттерін ұға бастаған шақта түсіндірген жөн.
Бастысы балаға ашық оттың қауіпті екенін, оттың жарақаттайтынын, ауыртатынын, тіпті адам өліміне әкеп соқтыру мүмкін екенін түсіндіру қажет. Бала өрт жағдайлары болмау үшін өзін қалай ұстау керектігін немесе болған жағдайда не істеу, істемеу керектігін білуі тиіс. Өрт шыққан кезде қалай сасқалақтап қалмау керектігін үйрету біздің міндетіміз. көбіне балалар өрт шыққан жағдайда үрейленіп тығылып қалады. Байсалды болсаң және ақылмен әрекет етсең қауіптен құтылу оңай. Үрей мен сасқалақтау-бұл үнемі ақылды шешім табу мүмкіндігін жоғалтуға әкеліп соқтырады. Бала болашағымыз, осындай жағдайларды балаларымызға үйрету, түсіндіру барлық ата-ананың міндеті. Дана қазақ «Отпен ойнама күйесің, сумен ойнама батасың» - деп бекер айтпаған, осы мақалдың астарын қарапайым тілмен балаларымыздың санасына жеткізіп, келешектерінің жарқын болуына зор үлесімізді қосайық.
Т.Бүркітбаев,
Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылы №7 ӨСБ-нің қарауыл
бастығы аматтық қорғау аға лейтенанты.