Оттың қаупін түсінбегендіктен балалар оған аса қызығушылық білдіреді. Үш жастан бес жасқа дейінгі балалар өз ойындарында ересектерді, олардың іс-әрекеттерін, тұрмыс-тіршілігін қайталайды.
Бұл жастағы балалар барлық нәрсені тезірек білуге және өз қолымен жасауға асығады. Әсіресе, жалғыз қалғанда сіріңкемен ойнап, қағаз жағып, бір кездері орманда жанғанын көрген алауды тұтатқысы келіп, әрекет қылуы мүмкін.
Балаға өрт жағдайында дұрыс іс-қимыл жасауды үйреткен маңызды. Өрт немесе жану белгілерін байқаған кезде (түтіннің таралуы, ауа температурасының жоғарылауы, күйік иісі және т.б.) кез келген жастағы бүлдіршін дер кезінде сыртқа шығуы қажет. Оларға үлкен қамқорлықтың арқасында ғана біз отпен ойнаудан шығатын өрттердің алдын алып, үйімізді, дүние-мүлкімізді және ең қымбаты - бала өмірін сақтап қала аламыз.
Талғат Сансызбаев,
аудандық Төтенше жағдайлар
бөлімінің бастығы,
азаматтық қорғау майоры