Отбасында зорлық-зомбылық азаяды

(0 Votes)

Қазір көп айтылатын, жиі кездесетін жағдайдың бірі тұрмыстық зорлық-зомбылық десем қателеспеспін.

Күнделікті өмірімізде оған талай мәрте куә болып та жүрміз. Айтылған ақылды құлағына ілмейтіндерді түзейтін заң бар. Кеше, егемендік алған күнімізге арналған жиында сөйлеген сөзінде Президентіміз: «Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға жаза күшейтілді. Қазақстан әлеуметтік салада айтарлықтай табысқа қол жеткізді», деп атап көрсетті.

Арақ ішіп отбасының шырқын бұзатын, сүйіп қосылған жарына қол жұмсап, зақым келтіріп, балаларының берекетін қашыратын жуан жұдырықтыларды осы уақытқа дейін маңдайдан сипап келдік. Өйткені, заңымыз жұмсақтау болды. Сол себепті ондайлар қоғамда өзін еркін сезінді. «Отбасы – шағын мемлекет», десек, мұндай шаңырақтан жас ұрпақ қандай өнеге алмақ? «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», дегендей, бала шағынан қатыгездікті көріп, жүйкесі жұқарып өскендер ертең ержеткенде соны қайталамасына кім кепіл? Енді, заң қатайтылғаннан кейін отбасында зорлық-зомбылыққа баратындар айылын жияры анық. Бұл өте дұрыс қадам болды деп санаймын. Отбасында зорлық-зомбылық азаяды.

Балганым Хасенова,

аудандық аналар кеңесінің төрайымы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT