«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы өткізілді

(0 Votes)

Бүгінде елімізде отбасы институтын нығайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асып келеді.

Дегенмен, көпбалалы, аз қамтылған және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесетін орталықтар мен кеңселер қызметіне қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі өзекті болып отыр. Оның алдын алу бағытында қабылданып жатқан жалпыұлттық іс-шаралар жөнінде аудан тұрғындарын хабардар ету үшін «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы өткізілді.

– Қазіргідей дамыған заманда тіршілік тірегі әйел теңдігін, табиғатынан қамқорлықты қажет ететін нәзік жандардың құқығын қорғау қай қоғамда болсын, басты мәселе саналады. Адам құқығы заңмен қорғалады. Соны біле тұра, өзгенің ар-намысына тиіп, үстемдік жасауға жол беру тыйылмай келеді. Жыл сайын қаншама әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналып, бір үрей мен қорқыныштың жетегінде өмір сүріп, енді бірі құрбан болып жатыр. Ал, ошақ басындағы дау есіктен шықпасын деп жабулы қазан күйінде қалып жатқандары қаншама, - деді  акцияның мәні мен маңызын түсіндірген полиция қызметкері Т.Сарбалина.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT