Отбасымен келіп таңдауын жасады

(0 Votes)

№ 170 сайлау учаскесінде Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, мемлекеттік қызмет пен журналистика саласының ардагері Асқар Ғұмаров ертемен, отбасымен бірге келіп дауыс берді. Асқар Дүйсенғалиұлы ауданымызға танымал қаламгерлердің бірі, бірнеше кітаптардың авторы, соның ішінде аудан энциклопедиясының бірнеше шығарылымының редакторы.

Жұбайы Айман апай зейнеткер, ұлы Асанәлі Б.Бегалиев мектебінде жұмыс жасайды.

– Бүгінгі күнді еліміз, халқымыз үшін үлкен мереке деп айтуға болады. Жаңа реформаға сәйкес жұмыс жасап жатырған егемен Қазақстанның болашағы үшін алғашқылардың бірі болып дауыс беруге отбасымызбен келдік. Еліміз алға қарай жақсы биіктерге көтеріліп, халқымыз сәулетті де дәулетті ғұмыр кешеді. Мен оған сенімдімін. Сондықтан бүгінгі күні біздің берген дауысымыз ертеңімізге әсер етеді деп санаймын. Отанымыз алға қарай да өркениет көшінен қалмай, алдыңғы қатарлы мемлекет болады деген ойдамын. Мемлекетіміздің халық үшін жасап жатырған игілікті істері көңілге қонымды. Аудан тұрғындары да сайлауға бір кісідей қатысып өз таңдауын жасайды деп есептеймін! Өркендеп, дами берейік! Алға Қазақстан! – деді Асқар Дүйсенғалиұлы әңгімеге тартқанымызда.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT