«Отбасылық батырлар» азаймай тұр

(1 Vote)

Отбасынан, айналасындағы жақын-жуығынан пана таппағандарға мемлекет қол ұшын созды.

Яғни, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына көмек көрсетіп, әр облыстан дағдарыс орталығын ашты. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын елімізде 500-ге жуық әйел өз жақындарының қолынан көз жұмады екен. Мұндай жаға ұстатар жайт бізді де айналмай өтпеді. Аудандық полиция бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, 318 отбасы профилактикалық есепте тұр. Оның ішінде: қорғау нұсқамасы шығарылғандар – 83, оларға ерекше талап орнатқан – 26, қолаусыз отбасылар – 45, алкоголик – 132, наркоман – 32 отбасы. Ал арнайы есепке алынған 4 отбасы бар. Сонымен қатар, туған бауырлары жәбір көрсетіп, өз үйіне тұруға мүмкіндік бермеген Кудряшов ауылының 63 жастағы тұрғыны Атырау қаласындағы дағдарыс орталығына орналастырылып, қазіргі уақытта дәрігер мен псизологтың жіті қадағалуында. Мұндай келіншектер қатарын азайту үшін, отбасындағы зорлық-зомбылық, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ішкі істер органдары тарапынан түрлі акциялар ұйымдастырылады. Солардың бірі - «Тұрмыс» алдын алу шарасы. -Жалпы «Тұрмыс» шарасы басталғалы бері отбасында туған-туыстарына тиісіп, ұрыс,жаншал шығарып қол көтеруді әдет еткен 53 құқық бұзушыға ерекше талап қойылды. Оның 7-не қорғау нұсқамасы шығарылды. Шара басталғалы 1 адамға ерекше талап орнатылды,-дейді аудандық полиция бөлімінің ЖПҚб-нің ӘЗЗҚТ-ның аға инспекторы Базаргүл Қараева.

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT