Отбасы – қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі

(0 Votes)

Байда ауылдық округінде өзара құрмет пен сыйластық қасиетін жоғалтпай, өзгелерге үлгі болатын отбасылар баршылық.

Олардың қатарында 50 жылдан астам уақыт берекелі тұрмысынан жаңылмаған Бахит Қалиев, Болат Түсіпқалиев, Яков Ісмағұлов, Қамбар Утепов шаңырағы көш бастайды. Сондай-ақ Нұрлыбек Жамеледенов, Анарбек Ертарғын құрған жас шаңырақтың да шаттығы шалқып тұрғанына көпшілік куә. Осы жарасымды жанұяларға округ әкімі Жүсіп Төреғалиев ұжым атынан құттықтау адресаттары мен сыйлықтар ұсынды.

otbasy2

Атаулы мерекеге орай «Қайырымдылық» акциясы бойынша кәсіпкер, аудандық мәслихат депутаты Б.Кенжебаевтың демеушілігімен көп балалы ана Жәмиля Тәжеденоваға ұялы телефон табысталды.

otbasy

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521