«Отбасы құндылығы және ұлттық тәрбие»

(2 Votes)

Сафон ауылдық мәдениет үйінде «Отбасы құндылығы және ұлттық тәрбие» тақырыбында ауылдық аналар кеңесінің жылдық есеп беру қорытынды жиналысы өтті.

Алғашқы сөз кезегін аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова алып, нәзік жандылардың қоғамдағы, отбасындағы орнына ерекше тоқталды. Содан соң ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Сақыпжамал Сұлтанова жылдық есеп беру хабарламасын оқып, жыл ішінде ұйымдастырылған тәрбиелік мәні зор шараларды тізбектеді.

safon-3

«Бірлесіп жасаған жүк жеңіл» демекші аналар кеңесімен қоян-қолтық жауапкершілікпен жұмыс жасаған ауыл белсенділері марапатталды. Өнерпаздар ұлттық қолөнер бұйымдарына қатысты қойылым сахналап, А.Қуанышқызы, Н.Алпысқызы, «Замандастар» тобы әннен шашу шашты.

safonny-otyrysy

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT