Ағымдағы жылдың 20 сәуір мен 20 маусым аралығында ҚР ІІМ бұйрығымен Ұлттық Комиссияның Қолдауымен Республика аумағында кең ауқымда «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акция аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себептері мен салдары, оны алдын алу жолдары жан-жақты талқыланды.
Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, тәжірибе алмасты. Іс-шараға білім беру ұйымдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, психологтар мен ата-аналар қатысты.
Шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасындағы қарым-қатынасты жақсарту, балалардың қауіпсіз ортасында өсуін қамтамасыз ету сынды маңызды тақырыптар қозғалды. Қатысушыларға құқықтық ақпарат беріліп, қолданыстағы заң нормалары түсіндірілді.
Сонымен қатар, отбасы – махаббат пен мейірімнің мекені екенін ұмытпау, бір-бірімізге түсіністікпен қарап, зорлықтың кез келген түріне төзбеу керек деген ортақ ұстаным қалыптасты. Сонымен қатар нақты мысалдар келтіріліп, салааралық өзара әрекеттестік тетіктері пысықталды.
Шара соңында қатысушылар бірлескен ұсыныстар қабылдап, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізуге уағдаласты.
Мұндай кездесулердің басты мақсаты – отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және қауіпсіз, мейірімді орта қалыптастыруға атсалысу.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Г.Кульжанова,
Құрманғазы АПБ-ның ЖПҚБ-ның
ОТЗЗҚК-нің аға инспекторы
полиция майоры