Адам баласы үшін отбасынан артық ештеңе жоқ. Күнделікті жұмысыңды бітіріп, үйіңе қайтқаныңда алдыңнан балаларың жүгіріп шығып, сені тағатсыздана күтіп отырғанын көрудің өзі бір бақыт. Отбасы – бақыт мекені. Адам бақытты болуы үшін алдымен отбасылы болуы қажет. Себебі, ғаламның барлық байлығын жинасаң да, отбасылық бақытты сатып ала алмасың белгілі.
Б.Бегалиев мектебінде "Отбасы күні" мерекесіне орай "Отбасы - ұлағат мектебі" атты «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаздары, ұлағатты ұл, қыз тәрбиелеп, ибалы келіндер түсіріп, олардан немерелер сүйіп отырған Рифхат Мұғалімұлы Сұлтанияевтің отбасымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында отбасы құндылығана байланысты сұрақтар қойылып, құнды ойлар айтылды.
Шараға қатысқан мектеп директоры Сандуғаш Ғарипуллақызы отбасы күнімен құттықтап, әр шаңыраққа бақыт тілеп, қуаныш күлкі көп болсын, ырыс- несібе, бақ қонсын деп қонақтарға жүрек жарды лебізін білдірді.