«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Отбасы күніне орай "Хиуаз" БПҰ ұйымдастыруымен Жаңаталап ауылдық клубында «Отан отбасынан басталады» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Алдымен округ әкімінің кеңесшісі құттықтауын жеткізіп, мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндерін орындады. Шара отбасылық QUIZ ойынымен жалғасын тапты.
Отбасы күніне арналған QUIZ — бірлікті нығайтатын тамаша ойын.
Бұл ойын — отбасы мүшелерін біріктіретін, олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен сыйластығын арттыратын көңілді және танымдық шара. Ойында қатысушыларға отбасы құндылықтары, салт-дәстүр, танымдық мәліметтер мен қызықты фактілерге негізделген сұрақтар қойылды.
Ойынға отбасы мүшелері бірігіп қатысты.
Атап айтсақ: Амантаевтар, Туилбаевтар, Сисеналиевтер, Имашевтар мен Оңашевтар отбасылары белсенділік танытты.
Ойын барысында қатысушылар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, бір-бірінен жаңа мағлұматтар алды. Ойын арқылы балалар мен ересектер отбасылық тарихты жақсырақ танып, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамыта түсетіні сөзсіз.
Айнагүл Күнұзаққызы