"Отбасы күні" кең көлемде аталып өтті

(0 Votes)

Берекелі отбасы- мықты мемлекеттің іргетасы екені анық.

"Отан - отбасынан басталады" деген ұлағатты сөздің мәнін айшықтайтын "Отбасы күні" мерекесі 2013 жылдан бері қыркүйек айының екінші жартысында атап өтіледі.

9

4ea9c2ee-7e03-4405-9d63-f1a947549745

97ba2d7b-405a-40f2-8782-deedad5b6d7a

Осыған орай, аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі мен С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі "Отбасы - рухани жаңғыру негізі" атты мерекелік шара ұйымдастырды. Оның аясында жергілікті және көршілес Астрахань облысы тауар өндірушілерінің азық-түлік жәрмеңкесі тұрғындарға қызмет көрсетіп, ойын-сауық алаңдары балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

86c91785-7009-4b10-9fb4-030510c2e4dd

0 

Аудандық оқушылар үйі балғындардың асфальтқа сурет салу жарысын өткізді. Жас жеткіншектер бір сәт шығармашылық қиялға беріліп, түрлі түсті борлардың көмегімен "Отбасы - бақыт мекені" деген тақырыпты аша түсуге тырысты. Әсіресе, сүйікті отбасына, ата-анасына қатысты суреттерді балалар зор ынтамен бейнеледі.

7f75daea-7923-41b6-9da2-f2e92689dfba

Нәтижесінде әр қатысушы алғыс хаттармен марапатталып, Әуезов, Ломоносов, Ә.Сәрсенбаев, Абай атындағы жалпы орта мектеп командалары жүлделі орындарды өзара бөлісті. ​

b

9

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен "Әке, ана және мен" отбасылық "Толағай" сайысы өтті. Оған "Мерей", "Айбөбек", "Балбөбек", "Өркен" , "Балауса" балабақшаларының ата-аналары мен "Аружан" командасы қатысуға ниет білдірді. Нәтижесінде Зияшевтар отбасы І орынды жеңіп алды.

​Аудандық мәдениет үйі алдында отбасылық бизнесті дамытып жүрген "Дарын" той ұйымдастыру орталығы көпшілікке арнап ертегі кейіпкерлеріне енген аниматорлардың көмегімен "Көңілді балалар сайысын" жүргізді. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларды естелік сыйлықтармен марапаттады.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT