Отан қорғаушылар құрмет төрінде

(0 Votes)

Батырлық пен ерлік ерекше дәріптелетін Отан қорғаушылар күні С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде салтанатты түрде аталып өтті. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай өткен шара «Ризамыз азат елдің ерлеріне» аталды.

Мінберге көтерілген аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова мерейлі мерекенің мән-маңызына тоқталып, Отан алдындағы борышын адал атқарған барша азаматтарға, болашақ сарбаздарға алғысын білдірді. Тәжік-Ауған қақтығысына қатысқан Руслан Қаппазовқа «Отанға қызметі үшін», Сәкен Ниязов, Максим Сапаров, Ерлан Набидуллаев, Нұрболат Есаманов, Руслан Аминов «Қазақ батыры», Рафаил Имахаев «Алаш батыры», Арман Молдағалиев «Ұрыс қимылдарының ардагері», аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Ернар Мұхамбетәлиев «Әскери патриоттық жұмысқа белсене қатысқаны үшін» төсбелгісімен марапаттады. Бір топ азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.

o 

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы  Е.Мұхамбетәлиев құттықтау сөз сөйлеп, жастарға патриоттық тәрбие берудегі үлгілі ісі үшін Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің директоры Болатбек Өтегеновтің өңіріне «Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов» медалін қадады. Әскери жұмылдыру қызметіндегі, мектеп оқушыларын бастапқы әскери дайындыққа үйретудегі жемісті еңбектеріне орай үздік деп табылғандар ұлықталды. Соңы мерекелік концерттік бағадарламаға ұласты.

otan1

Айбек НӘЖІМОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT