Отан қорғау- азаматтық борышың

(0 Votes)

Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжде Атырау облысы әкімінің 2021 жылғы 14 шілдедегі №117 «Атырау облысында бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу бойынша 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қаулысы негізінде және Атырау облыстық білім беру басқармасының 2022 жылғы 21 сәуірдегі №115 бұйрығын басшылыққа алып І курс студенттерімен 5 күндік далалық оқу жиыны 2022 жылдың 17-21 мамыр аралығында өткізілді.

Оқу-дала жиынының басты мақсаты - болашақ ұрпақты Отанын, жерін, елін қорғауға қажетті мінездермен қаруландыру. Өз еліне адал, ұлттық намысы мол азаматтарды патриоттық рухта тәрбиелеу.

17 мамыр күні оқу-дала жиыны салтанатты ашылып, студенттерге бағдарламасы таныстырылды. 5 күн бойына алғашқы әскери дайындықтан студенттердің алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекіту бойынша шаралар ұйымдастырылды.

21 мамыр күні жиынның жабылу салтанаты өткізіліп, оған «Құрманғазы» шекара комендатурасының коменданты, майор Гафаров Юрий Васельевич қатысты. Студенттер сапқа тұрғызылып, бөлімше командирлері АӘД пәнінің оқытушысы, әскери – ұйымдастырушы Өтеулиев Наурызбай Базарбайұлы, ол өз кезегінде колледж директоры Б.Утегеновке әскері баяндау жасады.

Шара Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылып, студенттеріміздің өздерінің оқ жатарды шашу, жинау; автоматты бөлшектеу – жинау; кір тасын көтеру; ЖҚТ (ОЗК) кию, саптық әнмен шеру сияқты біліктіліктерін көрсетумен қатар демалыс сәтінен патриоттық әндерді гитарада орындады.

img-20220521-wa0091

Оқу-дала жиынының жабылу салтанатымен құттықтап және 5 күндік оқу - далалық жиынына қатысып, жастар арасында бірлескен іс шараларда белсенділік танытқаны үшін Юрий Васельевич Гафаровты колледж директорының Алғыс хатымен, 5 күндік оқу-далалық жиында ерекше көзге түскен студенттерді Дипломдармен марапаттады.

Үздік бөлімше командирі атағы №45 топ студенті Аташев Арман Аманұлына берілді. Тактикалық дайындық бойынша №45 топ студенті Тлешов Дияш Жасұланұлы, ал атыс дайындығы бойынша ұлдар арасында №46 топ студенті Сатылғанов Семсербек Әділбекұлы, қыздар арасында №45 топ студенті Ерікқызы Жанар дипломдармен мараптталды. Әскери спорттық сайыста ұлдар арасында №47топ студенті Утешов Арманбек Кадірбекович, қыздар арасында №45 топ студенті Тарихова Динара Райымбекқызы, ал алғашқы медициналық көмек көрсетуден қыздар арасында №45 топ студенті Есмуханова Альбина Атымбекқызы үздік нәтижелері үшін дипломдармен марапатталды. Өз кезегінде сөз алған «Құрманғазы» шекара комендатурасының коменданты, майор Гафаров Юрий Васельевич елімізде бейбітшілік болуын тілеп, студенттерге колледж қабырғасында жеткен әрбір жетістіктерің, осы оқу-дала жиынынан алған білім-біліктері болашақтарына жарқын жол екендігін айтып, шара өте жоғары деңгейде өткенін және колледж ұжымына жиынға шақырғаны үшін ризашылығын білдірді.

img-20220521-wa0093

Колледж директоры Б.Утегеновті, АӘД пәнінің оқытушысы, әскери – ұйымдастырушы Н.Өтеулиевті, №47 оқу тобы «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының студенті Жасқайрат Алишерді дипломдармен марапаттады.

img_20220522_001550

Шара әні: Е.Зейіпхан, сөзі: А.Ахметбекұлының «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT