Қосымша карьерлер анықталды

(0 Votes)

Осыған орай түсінік берген аудан әкімі Қайрат Талапұлы: – Жаңа әріптестерім айтып өткен үш карьерге қосымша тағы бесеуінің орнын анықтап қойдық. Олар жолдан қашық емес. Топырағы пайдаға асады. Бірақ, заңдастыру қажет, - деді.

«Қазавтожол» АҚ-ның директоры Жаңабай Қобыландин карьерді жоба жасайтын мекемелердің өздері таңдайтынын, олардың құжаттары көбіне сапасыз болып шығатыны, кері қайтаратындарын алға тартты.

img_9758

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов: – Мердігер конкурсқа түскенде жеңетінін білмейді. Жеңімпаз болғаны анықталғаннан кейін ғана карьерді дайындау жұмысына кіріседі. Оған уақыт кетеді. Біз өзіміз жолды жоспарлағанда, құжаттарын дайындағанда оның қай жермен өтетінін білеміз ғой. Сол кезде бірден осы карьермен де неге айналыспаймыз? Солай еткен өзімізге тиімді емес пе? Бұл жолдың бойында халыққа қызмет көрсететін орындар, аялдамалар, қонақүйлер, жанар-жағармай бекеттері де болуы керек, олар жобада қаралған ба? – деген сұрақ қойды. «Сина Мидас Строй» ЖШС-нің үйлестірушісі Мехмет Будан жасалып жатқан жұмыстар жөнінде қысқаша түсінік берді.

Одан әрі аймақ басшысы түп-тереңдету жұмыстарының сызбасымен танысып, қалай жүріп жатырғанын білді.

Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT