Ошағаннан құтылу жолы – оны шабу

(0 Votes)

Бірлік өткен жиында да бірқатар шешімін таппай тұрған жайттар жұртшылық назарынан тыс қалмады. Мұны ауыл басшысы Гүлнәзира Абенова да өзінің есеп беру хабарламасында айтып өтті.

- Тұрғындармен болған биылғы есеп беруде түскен ұсыныстар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтсем, Бірлік ауылындағы «Қиғаш» көшесіне 200 метр асфальт жол төсеу жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныс жолданды. Ауылға клуб ғимаратын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына қаржы бөлінуі қалып отыр. Өңірлерді дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспарына сәйкес клуб ғимаратының құрылысы 2023 жылға жоспарлануда. Амангелді ауылындағы 2 шақырымдық ауылішілік жолдарға тас жол төсеу бойынша да аудан әкімдігіне ұсыныс берілді. Округ аумағындағы өзекшелердің түп тереңдету жұмыстары биыл басталғалы отыр, - дей келе, кезекті ауыл тұрғындарының ұсынысы мен сұрақтарына берді.

Ардагер ұстаз Н.Шолтыров, мемлекеттік қызмет ардагері Б.Ақбанов, округтік ардагерлер ұйымының төрағасы М.Хамзаев, ауыл тұрғыны С.Распеков автобус аялдамаларын реттеу, бейіт қоршауларын жөндеу, ауылішілік жолдардың жайына, ауылды ошаған шөбінің қаптап кетуіне орай округтен оны шауып алуға рұқсат берілсе деген ұсыныстар жолдады.

b3303b9e-566b-4efc-b836-2fb79b96a0a7

Аудан әкімінің орынбасары Н.Қалиев көтерілген мәселелерге орай: -Ауданның кейбір округтерінде мүлдем тас жол жоқ, сондықтан ауылішілік жол салу құрылысында басымдық соларға беріледі. Сіздерде, сосын Байда, Кудряшов ауылдық округтерінде тек кейбір көшелер жоспарға енгізілмей қалған. Дегенмен, қалып қойған көшелердегі жолдарды да қайта жасақталатын жоспарға енгізіп, ескеретін боламыз. Елді мекендерді дамыту бағытында аудан бойынша 11 нысанның жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынып отыр.Соның ішінде айта кететіні, Бірлік ауылына 300 орындық мәдениет үйін салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге облыстық басқармаға бюджеттік өтінім жолданды.Тапсырыс беруші аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, – деген сөйлеуші басқа сауалдарға сала басшыларының  түсінік беруін сұрады.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы А.Мұфтах жайылымдарды қаптай бастаған ошаған шөбін піскен уақытында шауып, жинап алса құнарлы мал азығы болатынын, қажетсінбеген жағдайда дәнінің жетілуіне жеткізбей шауып тастаса келешекте ол жерге ошаған шықпайтынын айтып, бұл жұмыстармен қожалықтардың өздері айналысуы қажеттігін қаперге берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521