Осал мұз опық жегізбесін

(0 Votes)

Қазір аудан аумағындағы өзен-көлдердегі мұздың қалыңдығы онша мықты деуге келмейді. Сондықтан оған сеніп мұз үстімен арғы бетке өтуге, серуендеуге, балалардың ойнауына, балық аулауға болмайды.

Биылғы қыс әдеттегідей біздің өңірде жылы, бірақ мұздың қатқанына бір айдай болып қалды. Дейтұрғанмен  қаңтар айының ортасында да мұз өте жұқа. Әрі бетіне қызыл су жүгіріп, мұзға ойылудан болатын қауіп-қатерді еселей түсуде. Қазір ең қауіпті орын – орталық көпірдің маңайы. Әлі де сылдырлап ағып жатыр. Басқа жерлерді де қауіпсіз деуге келмейді.  Самаркин өзегінен әуесқой балықшылардың көптеп шоғырланып отыратынын жиі байқаймыз. Таңғы елең-алаңнан бастап, қас қарайғанға дейін жүріп алады. Осы орайда балық аулаймын деп кездейсоқ оқиғаға тап болмаңыз деп ескерткіміз келеді. Балалардың да ойнаған кезде ересектердің қадағалауында болғаны абзал.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521