Қорын молайту - қолымызда

(0 Votes)

Ауданымызда балық – байлығымызды заңсыз аулап, браконьерлікпен айналысатындардың қатары азаймай тұр.

Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының Құрманғазы балық инспекциясы бөлімі 2022 жылдың басынан бері ҚР әкімшілік құқық бұзу кодексінің 383 бабы 1 тармағы бойынша 120 әкімшілік анықталып, заңсыздыққа барғандарға 1975635 теңгенің айыппұлы салынып, оның 1915375 теңгесі өндіріліп алынған. Ал, рұқсат етілмеген құралдармен заңсыз балық аулағандардың үстінен 39, заңсыз балық тасымалдағандарға 5 әкімшілік іс аудандық сотқа жолданып, қазіргі уақытта 36-сы қаралып, үшеуі қаралу үстінде екені белгілі болды. Балық инпекциясы бөлімінің бағынысты учаскелерінен құрулы тұрған 152 дана тор, қабада сияқты иелері балық аулау құралдары,  3 дана иесіз су көлігі алынып, 49 хаттама толтырылды. анықталмағанБұдан басқа, 3 тұлғаға қатысты 1 іс процессуалдық шешім қабылдау үшін аудандық полиция бөліміне жолданды.

Шекара қызметкерлерімен бірлескен балық ресурстарын қорғау бағытындағы рейдтік іс-шара барысында ағымдағы жылдың 25 ақпаны күні түн мезгілінде Теңіз ауылдық округіне қарасты «Көзбол» учаскесіндегі канал бойынан ілме моторы бар будара қайығы тоқтатылды. Аталған округтің тұрғыны Т.Шынтасовтың басқаруындағы қайықтан 12 полиэтилен қапшыққа салынған салмағы 614 келіні құрайтын шортан, жайын, ақмарқа, сазан сияқты қарабалық тұқымдастар тәркіленді.

Сәуір айының басындағы Махамбет аудандық балық инспекциясы және Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясымен бірлескен «Бекіре-2022» балық қорғау акциясы кезінде  бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынды. Көршілес Ресеймен шекаралас Иголкин каналының Қазақстан бетінен қабада ау құралымен 19 келі қара балық аулаған екі Ресей Федерациясының азаматы ұсталды. Аудандық соттың шешімімен оларға әкімшілік шара қолданылып, айыппұлға тартылды.

Балық инспекциясының міндетіне браконьерлік әрекеттерге тосқауыл қоюмен қатар, су айдындарын таза ұстау, шабақ құтқару жұмыстарымен айналысу да кіреді. Көктем айлары кезінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балықшаруашылығы комитетінің бұйрығы негізінде «таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы ұйымдастырылды. Шара барысында аудандағы табиғат пайдаланушылардың, мекеме-кәсіпорындардың қатысымен өзен-көлдердің жағалауын тазарту жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке 1238 адам, бірнеше техника жұмылдырылып, 105,5 тонна күл-қоқыс арнайы полигонға шығарылды.

najzabek-myrza-sz-aldy

Сондай-ақ, аудандық балық инспекциясы бөлімі мамандарымен жаппай балық қырылу фактілерін болдырмау мақсатында аудан көлеміндегі су айдындарында бақылау-қадағалау жүргізіп отырды. Табиғат пайдаланушылардың көмегімен атқарылған шабақ құтқару жұмыстарына басшылық жасады. Балықшылардан жасақталған бригадалар жаз айларындағы аптап ыстықта жан аямай еңбек етті. Бөлініп қалған көлшіктер мен айдын арасында арық қазылып, су жүру жолындағы шөптер шабылды. Көлшіктерден сүзу арқылы балық өскіндері жинап алынып қауіпсіз жерге тасымалданды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде «Амангелді» ЖШС – 6473100, «Каспий-Балық» ӨК – 7159400, «Каспий таңы» ӨК – 3502000, «Ш.Сүлейменов ЛТД» ЖШС – 1697000, «Тілекші» ЖШС – 7192500, «Е.Сәрсенбаев» шаруа қожалығы 850000 дана шабақ пен майда балықтарды  құтқарды. Шілде айының ортасында Еңбекші ауылдық округін екіге бөліп ағатын Сұрхан өзегінде орын алған жағдай кезінде де осы аталған балық аулаумен айналысатын ұжымдар тұншығу қаупі туындаған балықтарды Шарон өзенінің кең арнасына жіберуге атсалысты. Балық инспекциясы қызметкерлерінің басты міндеті – балық қорын молайту және балық аулауды реттеу болып табылғандықтан өз жұмысымызға жауапкершілікпен қарап келеміз. Табиғаттағы тепе-теңдікті сақтай отырып, балық – байлығымыздың қорын молайту өз қолымызды дегім келеді.

Бақытты ИСПЕРГЕНОВ,
Құрманғазы балық инспекциясының маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT