ҚОРЫМ ҚОРШАЛЫП, ӨТІНІШІМ ОРЫНДАЛДЫ

(0 Votes)

Теңіз ауылдық округінің оңтүстігіндегі христиандар қорымын қоршау туралы мәселе көтергеніме біраз жыл болған еді.

Аудандық газеттің тілішісін де шақыртып, фотоға түсіртіп мүрделер жатқан орынды мал тапап, өлекселер мен қоқыс-қалдықтың мекеніне айналғанына жанайқайымды білдіргенмін. Бұл қорымда Ұлы Отан соғысына қатысқандар, ауылды көркейтуге үлес қосқан небір игі жақсылар жатыр. Мал сүйкеніп, ескерткіш тақталарды, белгіге қойылған крестерді қиратып, өлгендердің рухтарын қорлайтынын айтып, өкперенішімді жеткізіп отырдым.

Ауыл, аудан әкімдеріне аяқтай барып, қорымды қоршауға қаржы бөлдіру туралы өтініш еттім. Жазбаша түрінде талай рет арыз да қалдырдым. Бірақ, мұнымнан ештеңе өнбеді, арызымды қабылдап алғандарымен аяқсыз қалып келді. Болмаған соң Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа дейін жазуыма тура келді. Соның көмегі тиді ме жақында аудан әкімі Марат Мурзиев қаражат бөлгізіп, қорымды қоршап берді.

Осы ретте Мемлекет басшысынан бері қарайғы билік басындағыларға рахметімді айтамын. Сонымен бірге, заңдық тұрғыда ақыл-кеңесін берген Батыс Қазақстан облысы заң консультанттары Палатасының мүшесі Жұмабеков Сайлау Құспанғалиұлына үлкен ризашылығымды білдіремін. Патриотизм туған жерді сүюден, оның өткені мен кеткеніне құрметпен қараудан басталады десек осындай игілікті істеріміз көбейе бергей.

Василий Петрович ЛАТЫШЕВ,

Құрманғазы ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT