Орталық қоқыс алаңы тазалануда

(0 Votes)

Ауыл шетіндегі орталық қоқыс алаңының (свалка) ішіндегі қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілуде

Құрметті ауыл тұрғындары!

Ауыл келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейді. Күн сайын көркейіп келе жатқан аудан орталығының ажары оның тазалығына да байланысты. Сондықтан ауыл тұрғындарынан қоқыс үйінділерін рұхсат етілмеген жерлерге лақтырмай арнайы қоқыс алаңының (свалка) ішіне кіріп төрге қарай апарып төгу сұралады. Осы ретте, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс төгіп жатырғанын байқасаңыз «109» байланыс орталығына және Құрманғазы ауылдық округ әкімінің аппаратының фейсбук (Құрманғазы ауылдық округі) және инстаграм (Kurmangazy_okrugi) әлеуметтік желісіндегі парақшасына жедел түрде хабарласуларыңыз сұралады.

Ауыл көркін көркейтуге үлес қосу әрбір тұрғынның азаматтық парызы!

Құрманғазы Ауылдық Округі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT