Орталық көпірдің арғы шеті отырған

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы Талғат Исаев аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссияның жоспарға сәйкес кезекті отырысында хабарлама жасады.

Қалыптасқан кримоногендік ахуал, тіркеусіз пәтерлерді жалға беру, такси қызметімен заңсыз айналысатын азаматтарды анықтау, барлық деңгейдегі тас жолдардың бойында қауіпсіздіктің тиісті деңгейде болуы, түсті металл ұрлығы мен заңсыз темір-терсек қабылдау фактілері жайлы сөз қозғады.

talat

– Ағымдағы жылдың 8 айы ішінде Құрманғазы ауылдық округі бойынша 59 қылмыс тіркеліп, ашылуы 65,4 пайызды құрады. Учаскелік полиция инспекторларымен 46 тұлға профилактикалық есепке алынып, олар үнемі тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріліп отыр. 8 ай ішінде учаскелік полиция инспекторлары және олардың көмекшілерімен барлығы 610 әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталып, хаттама толтырылып, тиісті шешімдері алынды. 41 арыз-шағымдар қабылданып, уақытында тиісті шешімдері шығарылды. Жолдасы үнемі ішімдікке салынып, отбасы тыныштығын алып жүргендерді еріксіз емделу мекемесіне жіберу жөнінде құжаттар жинақталып,учаскелік инспекторлар арқылы сотқа жолданды, - деген Талғат Исаев күн тәртібіне сай аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында ірі көлемді және ауыр салмақты жүк көліктерімен жолда жүрудің 23 әкімшілік-құқық бұзушылық фактілері анықталғанына тоқталды. Бұл бағыттар бойынша автопатрульдеу тәсілімен аудан көлеміндегі барлық тас жолдар қадағалануда. Жол қауіпсіздігін бақылауға 12 патрульдік полиция тобының инспекторлары жұмылдырылған. Ағымдағы жылдың 8 айы ішінде заңсыз жалға берілетін 10 тұрғын үй анықталған. Барлығы да тексеріліп, үй иелерінің үстерінен жинақталған құжаттар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына жолданған. Одан әрі хабарламашы комиссия мүшелері тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.

Аудан әкімі Қайрат Талапұлы:

Қазір жолдарды күтіп ұстауды 3 жылға ұйымдастырып жатырмыз. Республикалық маңызы бар жолды түркиялық компанияға беріп қойды. Олар биыл 60 шақырымын ашамыз деп отыр. Барлық мекемелердегі техникалардың қысқа дайындығын тексеріңіз. Ертең жаңбырда, қарда жүре алмауы мүмкін.Азғырға баратын жол ең қауіптісі. Қошалақтан жылыту пунктін дайындап қою қажет. Ақкөлмен екі ортада ірі көліктер жол ережесін сақтап отырған жоқ, осыны қадағалаңыздар. Биыл округтегі жолдар пайдалануға беріледі. Округ әкімдері теңгерімге алып, тендер ойнатып, күтіп ұстауды ұйымдастырыңыздар. Құрманғазы ауылындағы орталық көпірдің арғы жағасы отырып бара жатыр. Көпір стратегиялық нысан, оны коммуналдық меншікке алған дұрыс. Олай болмаған жағдайда иесіне нұсқама беру керек. Өз қаражаты есебінен жөндесін. Жері бізде, көпір жеке меншікте. Алға қарай жобалар жасағанда мұқият қарауымыз керек. Еңбекшіде мал өткелі ескерілмей қалған. Жолға ЖСҚ жасағанда экспертизаға кетпес бұрын полиция бөліміне жібереді. Сонда мұқият қараңыздар, - деді.

Қанат Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521