Орманды оттан сақтайық!

(0 Votes)

Көктемгі кезеңде орман алқаптарында, су бойында өрт қаупі өте күшті. Өйткені, шаруа қожалықтары өз шабындық жерлерін былтырғы шөп қалдықтарынан тазарту мақсатында өртейді. Онысы кей жағдайда үлкен өртке ұласып кетеді. Сонымен бірге, әуесқой балықшылар да тамақтану үшін от жағып, оны қараусыз, сөндірусіз қалдырып кетеді. 

Табиғи өрттердің белең алуының басым көпшілігі адамдардың алаңғасарлық, немқұрайлық және мәдениетсіздік әрекеттеріне байланысты. Ойланбай тасталған темекі тұқылы, сөнбей қалған от – осының барлығы орны толмас үлкен қайғыға соқтырады.

Сондықтан, табиғи өрттің алдын алу және материалдық зардап шекпеу мақсатында келесі маңызды ержелерді естеріңізге саламыз:

- құрғақ, ыстық және желдi ауа райында елдi мекендер мен саяжайларда, бақшалық учаскелерде от жақпау;

- жаға қалсаңыз оттың толық сөнгеніне көзіңізді жеткізіңіз;

- үй-жай айналасы құрғақ шөптерден, жапырақтардан дер кезінде тазартылып тұруы қажет;

- темекі тұқылын және жанып жатқан отты мұқият өшіріңіздер.

Егер Сіз, дала өртін немесе орманда жану оқиғасын байқасаңыз, немқұрайлық танытпай, тез арада өрт сөндіру бөліміне «101» телефон нөмірі арқылы хабарлаңыз.
Естеріңізде болсын! Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кінәлі тұлғалар жасаған құқық бұзушылығының ауырлығына сай ҚР заңнамаларына, яғни әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық кодекстеріне сәйкес тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

Д.МАНАТОВ,
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, 
азаматтық қорғау лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT