Орман – халық байлығы

(5 Votes)

«Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман-экологиялық тепе-теңдікті сақтап тұрған табиғаттың бірден бір аңызды бөлшегі.

Орман – ол оттегі, ылғал мен азайып бара жатқан тұщы судың қайта қалпына келуіндегі кепілдігі. Орман ол әртүрлі жануарлар мен құстардың өмір сұру ортасы. Біз уайымсыз демала алатын екінші үйіміз. Орманның алғашқы жауы өрт қаупі.

Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтац үлкен аумаққа таралып кетеді. Ауа райының ыстық кездерінде, егер жауын-шашын болмаса, ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Ең өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы, жапырақты ағаштар, басқалары жатады. Орманардағы түскен жапырақтар, бұталар және құрғақ шөптер мен ну қамыстар қауіпті өрт тудырады. Олар үлкен зардап шектіреді.

Дегенмен бес саусақтың бәрі бірдей емесі сияқты,адамдардың да бәрі бірдей емес. Кейбір демалушылар орманның таза ауасымен тынығып,сұлулығын тамашалап жүріп от жағады, тұрмыстық қалдықтарды тастап кетеді, ағаш бұталарын сындырып, зиянын тигізеді. Ал , босаған пластик ыдыстар, әйнекте, темекі қалдығы, дұрыс сөнбеген от ошақтары-орман өртінің басты себептері.

Орман шаруашылығының мекемесі орман өртінің алдын-алу шараларын естеріңізге салады:

- Орман демалуға барар кезде арнайы рұқсат қағаз алып, арнайы демелатын орындараға бару керек;

- Қайтар кезде отырған орынды жинап, от ошағына су құйып немесе топырақпен көміп сөндіру қажет. Әйнек, қағаз қалдықтарын жинап кету керек;

- Агрегаттар мен көліктер өрт сөндірудің бастапқы құралдармен қамтылуы керек. Олар : күрек,сыпырғыш, өрт сөндіргіш, т.б.

 

Орман өрті – үлкен апат. Ол орманға ғана емес, қоршаған ортаға да үлкен зиян келтіреді. Сондықтан ауыл адамдарын, келген қонақтар мен демалушыларды Табиғат ана сыйлаған асыл мұра- орманымызды сақтауға шақырамыз.

Табиғат –тіршілік атаулығының құтты қонысы, түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні . Табиғат жер Ана туған жер , ауылым деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас, әрі тағдырлас.

Адамзат өмір сүру үшін орманның маңызы өте зор. Ормандар құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштардың түрлері қатар өсіп, табиғи аймаққа әр беріп тұрған табиғи кешен. Орманның құрылымы ортанның

физикалық – географиялық жағдайларына өсімдіктер дүниесінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады.

Ол топырақтың түзулуінде , өсімдіктермен көмкерілген алқаптар туған жеріміздің табиғатына көрік беріп тұр.

Табиғатымызды қорғау,күзету, молықтыру, пайдалану, реттеу кезінде ылғалдануға айналу процессінде ерекше роль атқарады.

Өңірімізді ең үлкен табиғи байлығы орманды жасыл-желек ресурстарын дұрыс ұқыпты пайдалануға бүгінгі ғана емес, болашақ ұрпақ алдын да жауаптымыз. Бабамыз «Атаннан мал қалғанша, тал қалсын » деп айтқан, бұл нақыл сөз мағынасын ешқашан жоймақ емес.

Табиғатқа зиян келтірмей үшін Құрманғазы орманшылығы қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттеріне атқаруда.

Өртті болдырмау оның алдын алу заң бұзушылықты болдырмаудан орманшылық қорушылары тынбай еңбек етуде.

 

«Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі

мекеме» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өскін-жәй шебері

Г.Габдуллина орындаған

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT