Орлылықтар Наурыз тойын атап өтті

(0 Votes)

Орлы ауылдық округіне қарасты Өнерпаз ауылдық мəдениет үйінде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына орай " Ұлыстың ұлы күні-əз Наурыз" атты мерекелік шара өтті. 

Онда округ əкімі Жандос Мнафихұлы ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, " Бақытты елдің ұрпағы" қоғамдық қорының атынан елеулі еңбегі үшін З.Даумова, Г.Кажыгалиеваны Құрмет грамотасы, К.Изекеноваға Алғыс хатын жəне "Бақытты елдің ұрпағы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен республикалық дала сазы байқауына қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсеткен оқушыларымыз Қанат Ернұр, А.Талапова, М.Мұхит, Қанат Балнұр,А.Талаповаларға марапаттар табыс етті.

Наурыз мерекесіне арналған мерекелік шарада спорттық жарыстар/кір тасын көтеру, қазақша күрес ұйымдастырылып, тұрғындарға арзан бағада балық өнімдері ұсынылды.

Ұлыстың ұлы күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар, қазыналы қариядан бата алса сонда олжалы, жолы болар деген.Ауылымыздың үлкені Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, ардагер ұстаз Нұғыманов Нұрлығайын атамыз Наурызға арнап бата-тілегін жолдады.

Мерекелік шараға жиналған ауыл тұрғындарына Н.С.Манаев атындағы жалпы орта мектебінің ұжымы, Орлы дəрігерлік амбулатория ұжымы, Балдырған бөбекжай балабақша ұжымы, Орлы ауылдық округ əкімі аппараты ұжымдары мерекелік сəн-салтанатпен киініп, Наурыз дастарханын əзірлеп, наурыз көжеден барша мерекелік шараны тамашалауға келген тұрғындарға ұсынып, дəм татқызды. Ауыл тұрғындары ауыл өнерпаздарының мерекелік концертін тамашалап, жақсы көңіл күйде тарқасты.

Наурыз мерекесі елімізге бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық əкелсін!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521