Орлы ауылындағы Өнерпаз ауылдық мәдениет үйінде “Ардагерлер ұйымы” республикалық қоғамдық бірлестігінің Құрманғазы аудандық филиалының төрағасы С.Рахимовтың ауылдық округтерінің ардагерлер ұйымының төрағаларының есеп беру жиындарын өткізуге белгіленген жоспарына сәйкес, округтің ардагерлер ұйымының төрағасы И.Рыскалиевтің есеп беру жиыны өтті.
Жиынға ауданның құрметі азаматы Н.Нұғыманов төрағалық етті.
Жиынға ауданның құрметі азаматы Н.Нұғыманов төрағалық етті.
Басты кезекте ауданның Құрметті азаматы, білім беру саласының ардагері А.Хилауовты облыстық ардагерлер кеңесінің “ЕЛ АҒАСЫ” төсбелгісімен марапаттады.
Жиын барысында И.Рыскалиевтің хабарламасы тыңдалып, қатысқан ауыл үлкендері жұмысына оң бағасын берді.
Содан соң өз көкейлерінде жүрген сұрақтары мен ұсыныстарын айтып, тиісті шешімдер қабылданды.
Содан соң өз көкейлерінде жүрген сұрақтары мен ұсыныстарын айтып, тиісті шешімдер қабылданды.
Е.Куанышкалиева