Индер ауданында Индер ауданы әкімдігі және Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі драматург, жазушы, сатирик Есенжол Домбаевтың 85 жылдығына арналған «Халықтық» театрлар арасындағы облыстық фестиваль өтті.
Құрманғазы ауданы бойынша Орлы ауылы Өнерпаз ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған «Орлы халық театры» осы фестивальде Есенжол Домбаевтың «Біздің ауылда қызықтар бола береді» атты екі актлі,үш көріністі комедиялық қойылымын қойып, жоғары дәрежеде өнер көрсетті. Фестивальде Орлы халық театры «Үздік декорация» номинациясын, жүз мың теңгелік сертификат жеңіп алды және Индер ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Орлы ауылдық округі әкімінің көлік жүргізушісі Серікбай Төлендіұлы «Үздік актер» номинациясы мен отыз мың теңгелік ақшалай сертификат жеңіп алды.
Жанаргүл Оралқызы,
Орлы ауылы Өнерпаз ауылдық мәдениет үйі әдіскері