Домбыра - қазақтың қасиетті аспабы, құнды байлығы, таптырмас қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым, дейді дана халқымыз.
Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту - бәріміздің қасиетті борышымыз. Ұлттық домбыра күніне орай Қиғаш ауылдық клубында “Күй - бабадан жеткен мұра” тақырыбымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шараға “Мейірім шуағы” тобының әжелері, кітапханашы және ауылдық клубының ұжымы қатысты. Шара дыбыс операторы С. Қожантаева қазақтың қасиетті аспабы домбыра туралы баяндама жасауымен және Ә. Желдібаевтың “Ерке сылқым” күйін орындауымен басталды. “Мейірім шуағы” әжелер ансамблінің орындауында “Жолыққан қандай жақсы”, Б.Тәжібаевтың “Туған жер”, Ж. Бейсеновтың “Ауылым” өлеңдері шараға қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.
Халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы - Домбыра төріміздін түспесін! Әр шаңырақтан ән- күй үзілмесін! Ұлттық домбыра күні құтты болсын!
Айнагүл Шакупова