“Ораза айт” cup өз мәресіне жетті

(0 Votes)

Аудандық мәслихат депутаты Әнуарбек Сабитов пен аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің маманы Асылан Мұқанғалиевтің ұйымдастыруымен футзалдан турнир өтті. 

Қаладан келген легионерлер турнир сәнін аша түсті. Зал көрерменге лық толды. Қолдау көрсеткен аудандық спорт бөліміне, аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебіне, жастар ресурстық орталығына және қатысушы командаларға ризашылығымызды білдіреміз.

Турнирдің үздіктері кубок, медальдармен, спорттық сағаттармен және Шакупов Мейрамның демеушілігімен жайнамаздармен марапатталды.

Үздік көрермен -ардагер спортшымыз Құспанов Мерей,

Үздік қорғаушы -Беріков Ерлан,

Үздік сұрмерген -Әлімжан Жантұрған,

Үздік қақпашы- Қосекен Алтынбек ,

Үздік ойыншы - Аманқос Бекзат

І орын - Теңіз @mfc_teniz

ІІ орын - МонБан @mfc_monban

ІІІ орын - РТС @rts.futsal

Легионерсіз ойын көрсеткен Шортанбай @mfc_shortanbai командасына сәл сәттілік жетіспеді. Полуфиналдық және ІІІ орынға 2 ойында да тең нәтиже көрсетіп пенальтиде жолдары болмады. Марапаттарыңыз құтты болсын!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT