Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар алу

(0 Votes)

«Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығымен бекітілген.

"Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидасына сәйкес, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншы немесе қамқоршы болып тағайындалған тұлға, қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамаларды алу үшін "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған немесе бір рет пайдаланатын құпия сөзбен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда өтініш бере алады. Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 30 (отыз) минутты құрайды. Көрсету нысаны электрондық (толық автоматтандырылған).

Қосымша ақпаратты бөлімнің 2-11-39 телефоны арқылы алуға болады.

 

Ж.Жумабаева,

Атырау облысы Білім беру басқармасының

Құрманғазы ауданы білім бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT