Бүгін, «AMANAT» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ө.Есенғазиев ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде Бірлік ауылдық округінің ұжымымен жиын өткізді.
Жиында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылады. Жолдаудағы мәселелердің барлығыда халық көңілінен шығып, толық қолдау тауып отырғаны айтылып, болашақта Мемлекет басшысының жыл басынан бергі алға қойған реформаларының іске асатынына сенім білдірді.