Он адам грант иегері

(0 Votes)

Аудандық мансап орталығында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарайтын комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырысқа комиссия мүшесі, «Атамекен» ҰКП аудандық филиалының директоры Нұрдәулет Дәрелов төрағалық етті. Комиссияда 24 үміткердің өтініші қаралды.

Үміткерлер кезегімен іске шақырылып, бизнес жобаларын таныстырып, комиссия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарды. Жақсы жобалармен келіп, оларды тиянақты таныстырып шыққандар бар. Сол сияқты, оны біреуге жасатып алып, мазмұнына дұрыс мән бермегендер де кездесті.

Комиссия отырысының нәтижесімен 10 адам грант иегері атанды. Қайтарымсыз қаржы мұздатылған жартылай фабрикаттар өндіру – 1, қымыз сусынын өндіру – 1, лазерлі эпиляция студиясы – 1, глютенсіз өнімдер – 1, тігіншілік – 1, мал шаруашылығы – 1, сән салоны – 1, сүт өнімдері дүкенін ашу – 1, мал бордақылап, ет өндіру – 1, мобиллографиялық қызмет көрсету бойынша – 1 адамның бизнес-жобасына берілді. 

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521