«Қолтаңба» шеберханасы» жайлы не білеміз?

(0 Votes)

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қолдауымен облыстағы «Мүгедектер әлемі» үкіметтік емес ұйымының төрайымы Күлбаршын Нұржігітова өңірімізге келіп, өздерінің әлеуметтік жобаларымен таныстырды.

Алдымен сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев: - Қазіргі таңда елімізде барлық әлеуметтік маңызы бар салалардың жұмысын жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар белсенді жұмыс жасауда. Олардың айналысатын мәселелерінің ауқымы да кең. Өйткені, бірі мүгедектердің мұңын мұңдаса, ендігі біреулері зейнеткерлер мен тұтынушылардың жоғын жоқтайды. Сондай-ақ, азаматтық қоғамды қалыптастырып, экология, әлеуметтік саладағы мәселелерімен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық өмірге бейімделуіне септігін тигізетін «Мүгедектер әлемі» үкіметтік емес ұйымы 17 жылдан бері түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда, - деді.

- Үш жылдан бері «Теңізшевройл» компаниясының қаржылай қолдауымен «Қолтаңба» шеберханасы» әлеуметтік жобасы бойынша жұмыс жасап келеді. Атырау облысы өңіріндегі мүгедек жандардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында оларға жүйелі түрде практикалық сабақтар ұйымдастырып, еңбекке араласуына мүмкіндік жасау - жобаның басты мақсаты. Онда мүмкіндігі шектеулі жандар заманауи технологияны пайдалана отырып, ұлттық нақышта кәдесыйлар, қолөнер бұйымдарын іс жүзінде жасап үйрене алады. Жоба ашылғалы бері оған 180 адам қатысты. Сонымен қатар, мамандар жергілікті жерлерде қолөнер үйретудің қысқа мерзімдік үйрету сабақтарын жүргізуді қолға алды, - деген Күлбаршын Нұржігітова жобаға қатысудың жолдарын түсіндірді.

А.Шакупова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT