Қолайсыз отбасындағы бала тағдыры

(0 Votes)

Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның мүшелері аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп рейд ұйымдастырды.

Қолайсыз отбасы есебіне тіркелгендердің тұрғылықты мекен-жайларында болып, кәмелетке толмаған жеткіншектердің күнделікті тұрмыс-тіршілігін көзбен көрді.

Құрманғазы ауылдық округінде тұратын әлеуметтік жағдайы төмен және қолайсыз отбасыда өмір сүріп жатқан оқушылардың сабаққа қатысу тәртібі қадағаланып, қажетті оқу-құралдарының бар-жоғы тексерілді. Ата-аналары ажырасқан балалар толыққанды тәрбие алып отыр деу қиын. Балғындарды әңгімеге тартқанымызда, әке мейірімі мен ана жылуының жеткіліксіз екендігін байқадық. Ащы суды асы тұтқан әке-шешесі жеткіншектердің тағдырына немқұрайлылық танытады. Негізгі міндеттеріне салғырт қараған кейбір ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.

Күн салқындап, қаһарлы қыс төніп тұр. Жасөспірімдердің жылы киімі бар ма, тамақтары уақытылы беріле ме – рейд кезінде осының бәрі назарға алынды. Баланың заңды өкілдерінің басым бөлігімен жеке әңгімелесулер жүргізіліп, маңызды кеңестер айтылды.

Арнайы рейд кезінде кейбір бұрын қателікке бой ұрғындардың ісінен сабақ алып, түзу жолға ұмтыластарын аңғардық. Бұл – әрине көңіл қуантарлықтай жайт. Ал, жағымсыз қылықтарын тыюға әрекеттенбейтін жандармен жүргізілетін жұмыстар күшейе бермек.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521