Аялан Құмарғалиев бокстан жасындай жарқырап жүрген жас таланттарымыздың бірі.
Көптеген жарыстарға үзбей қатысып, топ жарып, біраз тәжірибе жинақтап қалған боксшы. Жақында Кабардино-Балкария елінің астанасы Нальчик қаласында өткен «Домбай кубогы» халықаралық турнирінде облыс құрамасының сапында сәтті өнер көрсетіп қайтты. Көптеген елдердің бетке ұстарлары қатысқан бокс бәсекесінде жартылай сында ғана қарсыласына есе жіберіп қола медальды еншіледі. Талай сында жеңіс тұғырының биік сатысынан көрініп жүретін балғын боксшымыздың бұл жолғы қола жүлдесін қораш сынбауға тиіспіз. Аяланның алар асуы алда, жерлестерін жеңісімен әлі талай қуантады деген сенімдеміз.
А.НӘЖІМОВ