"Оқытудың интерактивті әдістері: Балабақша мен мектептегі тәжірибе" атты аудандық педагогикалық WORKSHOP М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің базасында өтті.
Workshop-тың мақсаты — білім беру жүйесінде заманауи оқыту әдістерін, атап айтқанда интерактивті әдістерді қолданудың тиімді жолдарын талқылау және осы әдістерді балабақша мен мектептегі тәжірибеге енгізу. Шараға ауданымыздың көптеген білім беру мекемелерінің педагогтары мен тәрбиешілері қатысты.
Семинар барысында М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Г.М. Құбашева шараға қатысушыларды қарсы алып, бұл семинар ауданның педагогикалық қоғамдастығы үшін өте маңызды оқиға болғанын айта отырып қатысушыларға сәттілік тіледі.
Құрманғазы аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Т.М.Бахтыгереева балабақша мен мектеп арасындағы ынтымақтастық қазіргі білім беру жүйесінің негізін құрайтыны және де бұл ынтымақтастықтың маңызды аспектілерінің бірі — оқытуда қолданылатын әдістердің үздіксіздігі мен тиімділігі екен тілге тие кетті.Сонымен қатар оқытудың интерактивті әдістері осы тұрғыда ерекше орын алатыны атап кетті . Workshop қатысушыларға позитивті көңіл күй орнату мақсатында «Балауса» бөбекжай тәрбиешісі Жандыбаева Г.С. психологиялық тренинг ұйымдастырды.Шараның бірінші бөлімі ашық сабақтарға арналған болатын.«Балауса» бөбекжайның «Ақбота» ересек тобы тәрбиешісі А.Ш.Рамазанованың «Даналық шеңбері», Әуезов мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Г.А. Казиеваның "Целое и части" және бастауыш сынып мұғалімі Ф. Қ. Танашеваның "Қарапайым теңдеулер. Теңсіздіктер" сабақтары жоғары дәрежеде өтті.
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Гизатуллина А. тәрбиеленушілермен «Үйшік» театрландырған қойылымы барлық қатысушылардың жүректерінен орын алды. Шараның екінші бөлімі тәжірибиелік алаңға арналған болатын. «Балауса» бөбекжай әдіскері: Насиева Ф.Х. және М.Әуезов мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Кенжеева М. «Мектепке дейінгі және мектепалды педагогтердің нормативтік құжаттарды қолдану»- интеративті форматағы ойын өткізсе, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қажапова Ұ.Т «Мұғалімнің креативті сабақ өткізудегі педагогикалық ЛАЙФХАКТАР» тәжіриебесімен бөлісті.
«Балауса» бөбекжай психологі Б.Е.Абуева және М.Әуезов мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Қажапова З.Т. «Кедергісіз білім: Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға және оларға қолдау көрсету» ата- аналар мен тренинг ұйымдастырды. Нәтижесінде ұстаздарымыз интерактиті оқыту әдістерін жетілдіріп, болашақта оқушыларға сапалы білім беру мақсатында қоржындарын толықтырды. Қорытынды бөлімде М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп директорының оқу -ісі жөніндегі орынбасар Д. П. Маткалыкова кері байланыс алды. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Н.М.Ханатова шараны қорытынды сөзінде бұл Workshop ауданымыздың білім беру жүйесінде озық технологияларды енгізудің бір бөлігі болып табылады және алдағы уақытта мұндай іс-шаралардың саны арта түсетінін атап, қатысушыларды марапаттады.
Д. Маткалыкова,
М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп директорының оқу -ісі жөніндегі орынбасары